"Тай-құлындай тебісіп өстік": Шерзат ісіндегі айыпталушы төбелеске қатысқан жігіттерден кімді танитынын айтты

275

Сот отырысын онлайн көруге болады.  

"Тай-құлындай тебісіп өстік": Шерзат ісіндегі айыпталушы төбелеске қатысқан жігіттерден кімді танитынын айтты Фото: бейнежазбадан

Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Үшінші сотталушы Азамат Тоқтаубаевтан жауап алынып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі сот процесінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыға сұрақ қойды.

"Осы топтағы адамдармен қарым-қатынасыңыз қандай? Оларды қай уақыттан бері танисыз?", - деп сұрады прокурор.

"Ағамды (ред. – Нұрбол Тоқтаубаев) қоспағанда, Тұрар Рысқұлов ауылының тумасы болғаннан кейін менің көршім Нұрқияс Ілиясов. Тай-құлындай тебісіп, бала кезден бірге өстік. Оны жасырмаймын. Арасында Равиль Сакиев, Думан Ысқақ бар. Былай айтқанда, бала кезден танимын. Бұл жерде Дархан, Дидарды танымаймын, былай көп араласпағанмын. Дарханды бір жылдай танимын", - деді Азамат Тоқтаубаев.

Сотталушы оқиға болған уақытта пробациялық бақылауда жүргенін айтты.

"Үй қамақта болдым. Пробация қызметкерлеріне және ауылдық учаскелік полицияға құжаттың көшірмелерін бердім. Мен үйқамақ бұлтартпау шарасын бұздым. Мен құқық бұздым деп өзім есептеймін. Үйден шықпасам, ондай жағдай болмас еді. Өзімнің денсаулығыма байланысты және кішкентай балама жөргек алу үшін шығуға мәжбүр болдым", - деді айыпталушы Тоқтаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу