Жуырда болған тайфундар Жапония ауыл шаруашылығына 1,8 млрд доллар шығын келтірген. Бұл туралы сейсенбіде Kyodo агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елдің Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректеріне қарағанда, шығын көлемі 1,8 млрд доллардан асуы мүмкін. Өйткені, апат салдарын жою жұмысы әлі біткен жоқ. "Хагибис" тайфунынан Жапонияның 47 префектурасының 38-і зардап шекті. 8,5 мың жерде егін суару жүйесі бұзылған. 14 мың гектар егістік алқабына зақым келген. Бұдан бөлек, балық аулау порттары, жағалаудағы теңіз өнімдерін өңдейтін фабрикалар да шығыннан ада емес.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу