Тайланд ауыл шаруашылығы қалдықтарын қолдану тәжірибесімен бөліседі

3066

Тайланд ауыл шаруашылығы қалдықтарын қолдану тәжірибесімен бөліседі

Тайланд "ЭКСПО-2017" көрмесінде ауыл шаруашылығы қалдықтарын қолдану тәжірибесімен бөлісуге дайын. Бұл туралы Тайланд корольдігінің ұлттық күнін атап өту барысында мемлекеттің энергетика министрі Анантапорн Канджанарат мәлімдеді, деп хабарлайды elorda.info.

Министр Қазақстан Республикасына көрмеге қатысу мүмкіндігі үшін алғыс айтып, "Болашақ энергиясы" тақырыбының өзектілігін тілге тиек етті.

"Тайландтың энергетикалық саясаты тұрақтылық пен технологиялық дамуға бағытталған. Біздің павильон "Барлық адамға арналған биоэнергетика" құрылымына сай құрастырылған. Тайланд өзінің баламалы энергия көздерін өндіру мақсатындағы ауыл шаруашылығы саласында қалдықтарды пайдалану мүмкіндіктерін паш етуге дайын. Бұл Тайланд үкіметінің энергетикалық стратегиясын жүзеге асыруға септігін тигізіп қана қоймай, біздің жергілікті шаруаларға да көмектеседі", – деді Анантапорн Канджанарат.

Өз кезегінде, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Қазақстан мен Тайланд тығыз дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанын айтты. Сондай-ақ, ол ЭКСПО көрмесі Тайландтың бизнес қауымдастығына үлкен мүмкіндік беретінін жеткізді.

"Ұлттық күнде қатысушыларға өзінің мәдениетін, дәстүрін, өмір сүру салтын және ұлттық тағамдарын баршаға паш етеді. Тай халқының ұлттық күні екіжақты тиімді әріптестікті нығайтып, Тайландтың бизнес қауымдастығына Орталық Азия мен ТМД аумағында жетекші компаниялардың бірі атануына мүмкіндік береді", – деді Алексей Цой.

Шараның ресми бөлімінен кейін, қонақтар Киннари биі, Рамаяна маскалар биі мен Джо Луис қуыршақтар қойылымын тамашалады. Ұлттық күнге арнайы келген Тайланд вице-мисі Пинтхип "Кван" Оракхорн бидің көркін қыздырып, жалпақ жұртты өнерімен, сұлулығымен тәнті етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу