Тайландтағы тасқын салдарынан 418 мың отбасы зардап шекті (Видео)

1624

Тайланд билігі су тасқыны зардабымен күреске 75 млн доллар бөлмек.

Тайландтағы тасқын салдарынан 418 мың отбасы зардап шекті (Видео)

Өткен айда ойран салған сұрапыл дауыл салдарынан қирап қалған инфрақұрылым мен жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жақын күндері басталады.

Bangkok Post дерегі бойынша, бұл соманы бюджеттен бөлуді елдің көлік министрлігі сұрап, құжат үкімет отырысында қабылданған. Қаражат төтенше жағдай кезінде пайдалануға арналған сақтаулы қордан алынады.

Айта кетейік, табиғаттың тосын мінезінен елдегі 218 жол мен 24 провинциядағы инфрақұрылымның астаң-кестеңі шыққан.    

Жергілікті биліктің айтуынша, Убон Ратчатхани провинциясын су астында қалдырған өзеннің су деңгейі қазір қалыпқа келіп жатыр. Дегенмен тұрғындар абай болу керектігін ескертті. Мамандар ауыл тұрғындарын терезе мен шатырларды тексеріп, қуат көзін айыруға шақырды. Өйткені ылғалдық салдарынан электр желілері тұйықталып, өрт шығуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ, жуырда еріктілер апаттан зардап шеккендерге көмек көрсете бастайды. 29 тамыздан бері Тайландтың 32 провинциясында су тасқыны жүріп, 480 мың гектар жерді су басып, 418 мың отбасы зардап шекен, 33 кісі қаза тапты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу