Тайланд билігі шетелдіктерге COVID-19-ға қарсы вакцина алғандарын растайтын сертификат ұсыну талабын енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл шектеу 9 қаңтардан бастап ай соңына дейін енгізілді. Аталған өзгерістерге сәйкес елге келген әр азамат кемі екі рет вакцина алған болуы тиіс.
Тайланд Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, аталған шектеу шаралары әлем елдерінде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауымен байланысты.
Азаматтық авиация басқармасы барлық тараптарға ережелердің өзгергені хабар таратқан.
Естеріңізге сала кетсек, корольдікте вакцинация паспортын көрсету талабы былтыр қазан айында алынып тасталған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу