Тайланд Қазақстан азаматтарына тегін виза беру мерзімін ұзартты

1044

Бұған дейінгі визалық алымдардан босату режимі 2019 жылдың 13 қаңтарына дейін жарамды болған. 

Тайланд Қазақстан азаматтарына тегін виза беру мерзімін ұзартты

Тайланд үкіметі қазақстандық туристерге тегін виза беру мерзімін ұзартты, деп хабарлайды 24.kz.

"Тайланд үкіметі 20 елден, соның ішінде Қазақстаннан келген туристерге тегін виза беру мерзімін 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады  ҚР сыртқы істер министрлігі.

ҚР СІМ мәліметінше, бұған дейінгі визалық алымдардан босату режімі 2019 жылдың 13 қаңтарына дейін жарамды болған.

Айта кету керек, Тайландқа туристік виза алу үшін келушілер 2 мың бат (шамамен 23 400 теңге) төлеу қажет. 2018 жылдың 15 қарашасында 2019 жылдың 13 қаңтарына дейін бірқатар елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін Тайландқа келу кезінде визалық алымдар алынып тасталған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу