Тайланд пен Индонезия және Вьетнамнан 180 адам елге жеткізілді

763

 Олардың арасында көрші Ресей мен Қырғызстан азаматтары да бар.

 Тайланд пен Индонезия және Вьетнамнан 180 адам елге жеткізілді

Өскемен әуежайына эвакуациялық рейс келді. Мемлекеттік комиссиясының шешімімен Тайланд, Индонезия және Вьетнамнан арнайы рейс ұйымдастырылып, 180 адам елге оралды. Олардың арасында көрші Ресей мен Қырғызстан азаматтары да бар. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов хабарлады.

"Ұшу алдында олар толық медициналық тексеруден өтті. Ұшақ қонғаннан кейін дәрігерлер борт ішінде экипажбен бірге барлығын тағы бір мәрте қайта тексерді. Covid-19 белгілері анықталған жоқ. Жолаушылармен сақтық шаралары жүргізіліп, жаңа маскалар берілді. Жүктің барлық түрі толық дезинфекциядан өтті",– деп жазды әкім фейсбуктегі парақшасында.

Ал Ресей азаматтары әуежайдан полиция және консулдық өкілдерімен бірге дереу өз елдеріне жол тартыпты. Әкімнің айтуынша, олар "Уба" шекара бекетінде ресейлік автобустарға отырған.

"Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары карантиндік стационарға жеткізілді. Онда полиция бекеттері орнатылған, санитарлық-эпидемиологиялық және медицина қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді. Барлығы ПЦР әдісімен коронавирусқа анализ тапсырады. Ұшақ пен экипаж дезинфекциялаудан өткеннен кейін Өскемен әуежайынан ұшып кетті",– дейді Даниал Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу