Тайланд түрмелері туристік нысанға айналады

583

Ондағы мақсат – негативті имиджді өзгерту.

Тайланд түрмелері туристік нысанға айналады

Тайландтың түзету мекемелер министрлігі елдегі 72 түрмені туристік нысанға айналдыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Яғни абақтыларда аспаздар сайысы ұйымдастырылып, дүкендер ашылады. Мұндай дүкендеде бас бостандығынан айырылғандар жасаған бұйымдар, түрлі өнімдер сатылады. Бұған дейін жазасын өтеп жатқандарды қоғамдық өмірге дайындау және түрлі мамандықтарға баулу мақсатында "Темір тордағы аспаздар" секілді шаралар сынақ ретінде өткізілген. 

Биліктің айтуынша, қазір бұл бастама бес түрмеде жүзеге асып жатыр. Ондағы мақсат түзеу мекемелерінің қалыптасқан негативті имиджін өзгерту болып отыр. 
2021 жылы бұл жоба кеңінен енгізіле бастайды. Елдегі 143 түрменің тең жартысы, яғни 72-сі алдағы уақытта туристерді қабылдайды.

Табиғат Нұрболат

Фото: thethaiger.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу