Тайландта дауыл кезінде әскери кеме суға батты

550

Он шақты теңізші іс-түссіз жоғалып кеткен.  

Тайландта дауыл кезінде әскери кеме суға батты Фото: tass.ru

Тайланд Корольдігінің әскери-теңіз күштері бортта 106 теңізші болған "Сукхотай" корветі Таиландтағы Сиам шығанағы суларында дауыл кезінде батып кеткенін хабарлайды. 75 адам құтқарылды, 31 теңізші іздестіріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz ТАСС сілтемесімен.

Әскери-теңіз күштерінің мәліметі бойынша, Прачуапкхирикхан провинциясынан 20 теңіз милінде қатты жел кеменің айналуына себеп болды, содан кейін жүйеге су кіріп, электр қуаты өшті, салдарынан корветті басқара мүмкін болмады. Әскери-теңіз күштері көмек көрсету үшін оқиға орнына кемелер мен тікұшақтарды жіберді. Апат болған жерге Бангсапхан портынан сүйреткіштер келді. Судан 75 адам шығарылды.

АҚШ-та құралған "Сукхотай" корветін Тайланд әскери-теңіз күштері 1987 жылдан бері қолданып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу