27 сәуір күні санитарлық авиация борты Тайландта инсульт алған Теміртау қаласының тұрғынын Астанаға жеткізді, деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық азамат шетелден арнайы медициналық құралдармен жабдықталған санитарлық авиация және білікті дәрігерлер бригадасының көмегімен жеткізілген. Қазір ол жіті бақылауда екен.
Айта кетсек, жыл басынан бері шетелде жүріп, денсаулығы нашарлаған 6 қазақстандық жеткізілген.
Тасымалдау жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу