Тайландта құлдықта болған екі қазақстандық елге келе жатыр

320

Тайландқа жұмыс істеуге барып, құлдыққа түскен 2 отандасымыз елге оралады.  

Тайландта құлдықта болған екі қазақстандық елге келе жатыр Фото: gov.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

"Биыл қаңтарда "Мен Қазақстанның азаматымын, джунглидің ішіндемін, қайда екенімді білмеймін" деп көмек сұраған хабарлама түсті. Азамат еңбек құлдығына түскенін айтып, бізден көмек сұрады. Анықталғандай, біздің екі азаматымыз "Алтын үшбұрыш" аумағында алданған. Ең қызығы- екеуінің де жоғары білімі бар және бірнеше тіл біледі", - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, екі отандасымыз Тайландқа жұмыс істеуге барған. "Құлдыққа түскен екі қазақстандықтың әрқайсысынан 10 мың доллар талап еткен. Жергілікті билікпен келісімге келіп, бір ай дегенде екі азаматымызды құтқардық. Қазір олар Қазақстанға ұшақпен келе жатыр", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу