Бұл туралы Inbusiness.kz Bangkok Post сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Smooth Sea 22 танкеріндегі жарылыс туралы үндеу полицияға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:17 шамасында келді.
Басылымның хабарлауынша, алдымен өрт тұтанып, содан кейін танкерде жарылыс болған. Оқиғадан кейін сегіз жұмысшы хабар-ошарсыз кетті.
Bangkok Post жазғандай, жарылыс бірнеше шақырым жерде сезілген, біраз ғимарат зақымданған.
Зардап шеккендердің нақты саны мен төтенше жағдайдың себебі әлі хабарланған жоқ.
Танкер кеме жасау зауытында тұрақты техникалық қызмет көрсетуден өтуі керек болған, сондықтан оның цистерналары бос болды.