Пхукетте (Таиланд) шешенстандық ММА шеберлері тонау және азаптау ісіне байланысты қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz “Новости Пхукета” басылымына novostiphuketa.com сілтеме жасап.
Пхукет полициясы итальяндық азаматты тонау және азаптау ісі аясында Шешенстаннан келген ағайынды Хуйсен мен Хасан Асхабовтарды қамауға алды.
Полицияның хабарлауынша, ММА шеберлері Асхабовтар бұл іс бойынша "қосымша күдікті" болып табылады. Құжатта олардың бұл іске нақты қалай қатысы бар екені туралы ештеңе айтылмаған.
Басылым қарақшылық шабуылды Асхабовтар емес, қазақстандық үш адам жасағанын, содан кейін олар бірден елден шығып кеткенін хабарлады. Жәбірленуші күдіктілерді танымағанымен, Шешенстаннан келген егіздерді бір жылдан аса танитын.