Тайтөбе ауылында мәдениет үйі ашылды

404

Қосшы қаласы Тайтөбе ауылының тарихында тұңғыш рет 200 орындық мәдениет үйі ашылды.  

Тайтөбе ауылында мәдениет үйі ашылды Фото: gov.kz

Іс-шараға Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Асылхан Байженов, ауыл тұрғындары қатысты.

"Мәдениет үйі қарттар мен өскелең ұрпақ үшін рухани даму орталығы болуға тиіс", - деді қала әкімі Гайдар Қасенов.

Ғимаратта көрмелер мен жәрмеңкелерге арналған бөлмелер бар. Қазір ұйымда бірден бірнеше үйірмелер жұмыс істей бастады: вокалдық, би, домбырада ойнауды үйрену. Ауылдық кітапхана мен коворкинг кеңістігі де ашылды.

Жаңа әлеуметтік нысан қызметкерлерінің қатарында-республикалық конкурстардың лауреаттары, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория түлектері де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу