Тайвань билігі: Қытай аралға әскери шабуыл жасаудың алдында тұр

902

Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнь Қытайдың аралға басып кіру қаупі артты деп санайды.  

Тайвань билігі: Қытай аралға әскери шабуыл жасаудың алдында тұр Фото: The Atlantik

Бұл туралы ол сейсенбіде The Atlantic журналисімен жарияланған сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бізге әскери шабуыл жасалуы әбден мүмкін. Сондықтан біз дайындалуымыз керек. Аралға қауіп төнді", - деді ол.

Тайвань әкімшілігінің басшысы Қытайдың Халықтық-азаттық армиясы Аралға қатысты шаралар қабылдауы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Қытай Коммунистік партиясының XX съезінде ҚКП Жарғысына Тайвань тәуелсіздігіне қарсы іс-қимыл туралы ереженің енгізілуін мақұлдады. Тиісті қарарда "Бір ел-екі жүйе" бағытын жан-жақты, нақты әрі мызғымас түрде жүзеге асыруға, Тайвань тәуелсіздігі деп аталатын сепаратистік күштердің жолын кесуге және тежеуге шақыру бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу