Жергілікті Қаржы министрлігінің айтуынша, қыркүйек айында Тайвань экспорты 4,6 %-ға қысқарды. Бұған әлемде металл, пластмасса және техникаға деген сұраныстың төмендеуі себеп болған. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Тайвань үкіметінің бас статистигі Беатрис Цайдың айтуынша, жылдық экспорт та қысқаруы мүмкін. Өйткені соңғы уақытта Оңтүстік Корея және Жапония елдерімен алыс-беріс бәсеңдеген. Оның үстіне Қытай мен АҚШ арасындағы сауда текетіресі әлі де басылмай отыр.
Айта кетейік, осы аптада Вашингтон мен Бейжің сауда келіссөздерін өткізеді. Бірақ бірқатар сарапшылар оның жемісті өтетініне күмән келтіріп отыр. Өйткені Қытайдың бірқатар шенеунігі өнеркәсіптік саясат пен үкіметтік субсидияларды талқылаудан бас тартты.
Табиғат Нұрболат