Тайвань есігін қайта ашты

630

Тайвань 12 қыркүйектен бастап АҚШ, Канада, Еуропа (Шенген аймағының 26 елі), Австралия, Жаңа Зеландия және он төрт дипломатиялық одақтас елдер үшін визасыз елге кіруді қайта ашады.

Тайвань есігін қайта ашты

Бұл туралы елдің орталық эпидемияға қарсы командалық пункты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазіргі уақытта Тайваньда келушілер санына квота енгізілді – аптасына 50 мың адам. Келгеннен кейін барлығы үш күн бойы карантиннен өтіп, келесі төрт күн ішінде денсаулық жағдайын бақылауы керек.

Визасыз Тайваньға туристік, іскерлік, зерттеу мақсаттарымен баруды жоспарлаған жоғарыда аталған елдердің азаматтары, сондай-ақ көрмелерге қатысуды немесе туыстарына баруды жоспарлағандар кіре алады. 

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу