Тайваньның балық аулау ғылыми-зерттеу институтының өкілдері 350 метр тереңдіктен құбыжық балық ұстап алды. Бұл туралы Fox News хабарлады, деп жазады 24.kz.
Мұхит мекендеушілерінің бұл түрі 30 жыл бұрын ашылғанымен, әлі де зерттеле қоймаған.
Ғалымдардың айтуынша, өте тереңде мекен ететін бұл "құбыжық" – сирек кездесетін сұр жылан-акуланың (Trigonognathus kabeyai) бір түрі. Ал оны су бетіне шығарса, ол лезде өліп қалады. Бұған не себеп болатыны әлі күнге дейін жұмбақ, алайда биологтар бұған қан қысымының айырмасы себеп дейді.
Бұл балықтар 1986 жылы табылған, алайда олар жайлы тек 1990 жылы ғана суреттеліп айтылған.
Құбыжық балықтарды Тынық мұхитында шомылып жүріп кезіктіру мүмкін емес, себебі олар су бетінің 150 метріне дейін ғана жақындап келе алады. "Құбыжық" акуланың дене ұзындығы 50 сантиметрден аспайды. Ғалымдар бұл акулалар түнде олжасын жақсы көруі үшін сәуле шашады дейді.