Тайвань халықаралық қауымдастықты Қытайдың әскери әрекетін айыптауға шақырды

538

Қытай 7 тамызға дейін жалғасатын оқу-жаттығулар "арандатушыларға қарсы тұруға және мемлекеттің егемендігін қорғауға бағытталған" деп мәлімдеді.

Тайвань халықаралық қауымдастықты Қытайдың әскери әрекетін айыптауға шақырды

Тайвань СІМ халықаралық қауымдастықты Қытайдың әскери әрекетін айыптауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство Қытай "КХДР-ға еліктеп, көршілес елдердің маңында зымырандар ұшырып жатыр" деп мәлімдеді. Министрлік Бейжіңнің әрекетін айыптап, басқа мемлекеттерді "еркін және демократиялық" Тайванды қолдауға шақырды.

Бұған дейін ҚХР СІМ Тайвань бұғазындағы Қытай Халық-азаттық әскерінің жаттығулары АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайванға сапарлай баруына жауап ретінде жүргізілетінін хабарлады. Қытай бұл оқу-жаттығулар "арандатушыларға қарсы тұруға және мемлекеттің егемендігін қорғауға бағытталған" деп мәлімдеді.

4 тамызда Тайвань бұғазындағы жаттығулар кезінде Қытай әскери-теңіз күштерінің кем дегенде он кемесі және тағы бірнеше әуе күштері Тайвань мен Қытайды бөліп тұрған сызықты кесіп өтіп, біраздан кейін шегінгені белгілі болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу