Тайвань маңында екі рет жер сілкінді

646

Қытайлық сейсмологтар Тайвань аралының маңында екі жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тайвань маңында екі рет жер сілкінді Фото: BBC

Сенбі күні Бейжің уақытымен сағат 02:21-де Тайваньның Хуалянь округіне жақын теңіз аймағында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Қытайдың сейсмологиялық орталығы.

Орталық мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік бойынша 24,08, шығыс бойлық бойынша 121,77 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентр 30 км тереңдікте жатыр.

Сағат 02:49-да дәл осы ауданда магнитудасы 5,3 болатын жерасты дүмпулері тіркелді.

Мұндағы жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендікте 24,21 градус, шығыс бойлықта 121,77 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентр 27 км тереңдікте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу