Қытай әскері соңғы 24 сағат ішінде Тайвань маңындағы аймақтарға патрульдік қызмет көрсетуге 103 ұшақ жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.
Бұл ұшақтар жексенбі күні таңнан бастап, тәулік бойы аралдың маңында байқалған. Барлық ұшақтар Тайвань әуе кеңістігіне жетпей бұрылды.
40 ұшақ Қытай мен арал арасындағы жолдың жартысын кесіп өтті. Олардың ішінде 30-дан астам жойғыш және танкерлік ұшақтар. Тайвань билігі де алдыңғы 24 сағат ішінде арал маңында Қытайдың тоғыз әскери кемесін байқады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу