Тайвань Ресей мен Беларуське өнім жеткізуге қатысты шектеулерді күшейтті

475

Тайвань билігі Ресейге қарсы санкциялар аясында Ресей Федерациясына машина жасау мен химия өнімдерінің экспортын бақылауды қайтадан күшейту туралы шешім қабылдады. 

Тайвань Ресей мен Беларуське өнім жеткізуге қатысты шектеулерді күшейтті Фото: 024.by

Бұл туралы бейсенбіде ICRT радиостанциясы аралдың экономикалық бөліміне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Мәселе қатаң экспорттық бақылау қолданылатын және Ресей мен Беларуське жеткізілім жағдайында шектеулер енгізілетін тауарлардың тізімін кеңейтуге қатысты. Мұндай шара әскери мақсатта пайдалануға болатын қос мақсаттағы тауарлар мен технологиялардың экспортын болдырмауға бағытталған. Жаңартылған тізімге химия мен металлургия өнеркәсібі тауарларының номенклатурасы, машина жасау өнімдері мен күш құрылымдары пайдалана алатын заттар кірді.

Өткен жылдың сәуір мен мамыр айларында Тайвань Ресей мен Беларуське жоғары технологиялық жартылай өткізгіш өнімдерді жеткізуге экспорттық шектеулер енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу