Тайванның оңтүстігінен "Койну" тайфуны өткенде жағалаудағы елді мекендерде дауыл соғып, жауын құйды. Одан ағаштар құлап, автомашиналар жол шетіне шығып, жарнама баннерлері ұшып кеткен.
Соңғы мәліметке қарағанда, 190 адам жараланған. Қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Жапон тілінен аударғанда "күшік" деген мағынаны білдіретін "Койну" Тайванның Хэнчун түбегіне сағатына 252 шақырым жылдамдықпен жетіпті. Қазір ол біршама әлсіреп, Қытайдың Гуандун провинциясына тропикалық дауыл дәрежесінде беттеп барады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу