Зардап шеккен аймақтан мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды 24kz.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Цзяи уезінің біраз бөлігі топан су астында қалды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Тайвань президенті Цай Инвэньнің табиғи апат болған аудандарды аралағаны туралы хабарлады. Кездесу барысында халық үкіметтік ұйымдардың уақытылы көмек көрсетпей жатқандығын жеткізді. Үкімет жұмысына көңілі толмаған жұртшылықпен елдің премьер-министрі Уильям Лай да жолықты. Ол жасалып жатқан құтқару жұмыстарын тілге тиек етіп, тұрғындардан Тайвань билігі атынан кешірім сұрады. Айта кету керек, аралда дауыл басылды. Алайда судың деңгейі жоғары болып тұр.