АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы мүшелерінің республикалық және демократиялық партиялардан бірлескен делегациясы Тайваньға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz аралдың Орталық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қытай өз аумағы деп санайтын аралға республикашылар Кен Кэлверт пен Майк Гарсиа (Калифорния), Том Коул (Оклахома), Дэйв Джойс (Огайо), Стив Вомак (Арканзас) және демократ Эд Кейс (Гавайи) келгені атап өтілді.
Делегацияның сапары екі күнге созылады. Оның барысында конгрессмендер Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнмен, Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Бас хатшысы Гу Лисюнмен және сыртқы саясат ведомствосының басшысы Джозеф Умен кездесіп, қауіпсіздік саласындағы, сондай-ақ сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.