Тайваньға кезекті екі американдық делегация келді

518

Тайваньға американдық конгрессмендердің кезекті екі делегациясы – республикалық пен демократиялық партиялар өкілдері келді. Бұл туралы бүгін, 12 қазанда Inbusiness.kz аралдың сыртқы саяси бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Тайваньға кезекті екі американдық делегация келді

Сапар бағдарламасына сәйкес, конгрессмендер Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнмен кездесіп, екіжақты қатынастар, аймақтық қауіпсіздік пен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

"Сыртқы істер министрі банкетте АҚШ конгрессмендерінің екі делегациясын қарсы алды. Біз достарымызға қорғаныс мәселелері мен Тайваньның Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөлі туралы мазмұнды талқылауға алғыс білдіреміз", – делінген ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында.

Бұған дейін Өкілдер палатасының мүшелері, республикашыл Брэд Венструп пен демократ Сет Мултон басқаратын АҚШ конгрессмендерінің екі делегациясы аралда 13 қазанға дейін болатыны хабарланған болатын. Делегация құрамына Кай Кахель мен Майкл Вальс конгрессмендері де кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу