Тайванға Қытайдың сес көрсетуі әсер етпейді – Тайвань СІМ

557

Аралдың Сыртқы істер министрі Джозев Ву "қытайлық ұшақтардың Тайвань арқылы ұшуы одан төнетін соғыс қаупінің өршігенін білдіреді" деп мәлімдеді.

Тайванға Қытайдың сес көрсетуі әсер етпейді – Тайвань СІМ

Тайванға Қытайдың қорқыту акциялары, сес көрсетуі әсер етпейді. Аралдың Сыртқы істер министрлігі Қытайдың 29 әскери ұшағының Тайванның әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағы арқылы өтуінен кейін осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Taiwan News порталына сілтеме жасап.

21 маусымда Тайвань әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағының оңтүстік шекарасы арқылы J-16 деп аталатын 8 жойғыш ұшағы, 5 J-11 жойғыш ұшағы, 4 Су-30 жойғыш ұшағы, 2 KJ-500 ерте ескерту ұшағы, бір H-8 сүңгуір қайыққа қарсы ұшағы, 1 Y-20 жанармай құюшысы, 6 H-6 бомбалаушысы, бір Y-8 радиоэлектрондық ұшағы және 1 Y-8электрондық барлау ұшағы ұшып өткен болатын.

Тайванның Сыртқы істер министрі Джозев Ву бұл ұшақтардың "Тайвань арқылы ұшуы Қытайдан төнетін соғыс қаупінің өршігенін білдіреді" деп мәлімдеді. 

Ескере кететін жайт, Тайваньның әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағы арқылы 29 қытайлық ұшақтың өтуі осымен үшінші мәрте болып отыр. Бұған дейін 30 ұшақ 30 мамырда және 39 ұшақ 23 қаңтарда ұшып өткен еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: taiwantoday.tw

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу