Тайып Ердоған Түркия Еуроодақтан шығатынын мәлімдеді

641

Тайып Ердоған Түркия Еуроодақтан шығатынын мәлімдеді

Анкарамен келіссөздің жаңа тарауы ашылмаса, Түркия Еуроодаққа кіруден бас тартады. Мұны ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Олар мұны жасамаса, сау болсын. Түркия есік алдында күтетін құл емес. Пункттер ашық болса, отырып, әңгімелесеміз. Бұлай болмаған жағдайда сөз шығындамаймыз", – деді Ердоған Түркияның билеуші партиясының парламенті депутаттарының алдында. 

Осыған дейін Ердоған бұл мәселе шешілмесе, сонымен қатар, одақ мүшелерінің арасында қазіргі жаугершілік көңіл-күй сақталса, Анкараның ЕО құрамына кіру позициясын қайта қарайтынын айтқан.  Ал Германия билігі Түркияның Еуроодаққа ену жөніндегі келіссөзін тоқтатуға қарсылық білдірген.

Еске салайық, Анкара Еуроодаққа мүше болуға өтінішті 1987 жылы берген еді. 2005 жылы ғана басталған келіссөз тараптардың пікір қайшылығына байланысты кейінге шегеріліп отырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу