"Одан бәрі қорқатын, артында Қайрат тұрды: Жәбірленуші Гүлмира Сатыбалды туралы

381

Алматыда Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот процесі жалғасып жатыр. 

"Одан бәрі қорқатын, артында Қайрат тұрды: Жәбірленуші Гүлмира Сатыбалды туралы Фото: Матрица

Кезекті сот отырысында жәбірленуші Абай Жүнісов сөзін жалғастырып, өз еркінен тыс қандай әрекеттерді орындауға мәжбүр болғанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай Жүнісов жауап алу кезінде оны заңсыз ұстап отырған уақытта не себепті полицияға хабар бермегенін айтты. 

"Мені заңсыз қамауда ұстап отырған кезде, құжаттар мен тамақты беру күзетші арқылы жүзеге асырылды. Маған менің адвокатым, үй күтүшісі және басқа да адамдар келіп тұрды. Бірақ барлығы Батыршаев пен Сатыбалдының рұқсатымен келді, барлық келушіні мұқият тексерді. Оларға телефонмен кіруге рұқсат берілген жоқ", - деді ол.

Оның адвокаты оған келушілер неге полицияға хабарласпағанын және неге ол ешқандай шара қабылдамағанын қайталап сұрады.

"Мені оқшаулап тастады. Проблема мен қысымның ауқымын түсіндім. Қазақстанда Алматыда болғандықтан барар жерім жоқ екенін түсіндім. Менен бәрін тартып алды: төлқұжаттар, телефондар және басқа да заттар. Біреуге хабарласуға мүмкіндігім болмады", - дейді Абай Жүнісов.

Ол барлық көмекшісі Гүлмира Сатыбалдыдан қорққанын айтты. 

"Өзін өте қатал ұстады. Ол әркімнің іс-әрекеті жазасыз қаламайтынын айтып, оны Қайрат Сатыбалды құптайтынын ескертіп отырды. Бәрі одан қорықатын. Ешкім ештеңе жасай алмады", - деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу