"Тақиялы періште" атанған актер Әлімғазы Райымбеков өмірден озды

2185

Осы бір аты жаман ауру қазақтың тағы бір нар тұлғасын алып кетті. Бүгін таңертең ел арасында Тайлақ атанып кеткен Әлімғазы Райымбеков 85 жасқа қараған шағында көз жұмды. 

"Тақиялы періште" атанған актер Әлімғазы Райымбеков өмірден озды

1936 жылдың 1 желтоқсанында Алматы облысында дүниеге келген Әлімғазы Райымбеков алғашқы еңбек жолын ауылда жүргізуші болып бастаған. 1965 жылы алғашқы "Ән қанатында" фильмінің спорттық іс-шараларына шақырту алады. 1966 жылы "Қилы кезең" кинокартинасына түседі.  Қазақстанның мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Смағұлұлы қазақ кино әлемінде өшпес із қалдырған тұлғалардың бірі. Иісі қазақ сүйсініп көретін Шәкен Аймановтың "Тақиялы періште" фильмінде басты рөлді сомдады. Одан өзге, "Көгілдір такси", "Қан мен тер" секілді оннан аса киноға түскен. Әлімғазы Райымбеков өмірінің соңына дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу