Такси қызметі қай өңірлерде қымбат?

1184

Елде такси қызметі бір жылда 7%-ға көтерілген.

Такси қызметі қай өңірлерде қымбат?

Биыл 22 ақпандағы жағдай бойынша такси қызметі қымбат елдер рейтингінде (1 шақырымға қайта есептегенде) Қазақстан 108 елдің арасында 96-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтингте таксиді 1 сағат күту бойынша қайта есептеуде Қазақстан 89-орында тұр. Стандартты тариф бойынша таксимен 1 шақырым жол жүру құны ел бойынша орташа есеппен 0,35 доллар болды, таксиді 1 сағат күту – 3,5 доллар. 

Таксиде 1 шақырым жол жүру Швейцария (4,15 доллар), Жапония (3,49 доллар), Сальвадорда (3 доллар) өте қымбат. 

Таксиді 1 сағат күту Швейцария (75,33 доллар), Дания (64,46 доллар) және Исландияда (63,23 доллар) айтарлықтай қымбат болып саналады.

Рейтигте ТМД елдері арасында таксиде 1 шақырым жол жүрудің бағасы Қазақстанмен салыстырғанда тек Әзербайжанда жоғары. Таксиді 1 сағат күтудің тарифі Ресей мен Беларусьте жоғары.

Қазақстанға қарағанда такси қызметі Украина, Молдова, Армения және Өзбекстанда арзандау. 

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл қаңтардың қорытындысы бойынша елде такси қызметінің бағасы бір жылда 7,1%-ға өскен.

Түркістан облысында бір жылда такси қызметі 28,2%-ға қымбаттаған. Сондай-ақ Қостанай (бір жылда плюс 16,5%) және Маңғыстау (бір жылда плюс 14,7%) такси бағасы айтарлықтай көтерілген.

Батыс Қазақстан облысында баға айтарлықтай өзгермеген – бір жылда 0,8%. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда және Атырау облысында сектордағы баға бір жылда өзгерген жоқ.

Биыл қаңтарда такси қызметінен түскен кіріс 324,7 млн теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 25,1%-ға артық.

Сектордағы ең жоғары кіріс Қарағанды облысында тіркелді (142,2 млн теңге). Бұл көрсеткіш бойынша үздік үштікке елорда мен Алматы енді. 

2022 жылғы қаңтарда такси қызметін 161,5 млн жолаушы пайдаланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6%-ға артық.

Такси жолаушыларының басым бөлігі Алматыда (58,9 млн адам, бір жылда плюс 6,9%). Үздік үшттіке Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары енді, аутсайдер – Ақмола облысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу