Такси қызметін өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру ұсынылды

338

Өзін-өзі реттеу ұйымын тізілімге қосу немесе алып тастау тәртібі әзірленді.

Такси қызметін өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру ұсынылды Фото: Pixabay.com

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуге беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заң жобасы өзін-өзі реттеуге тұрақты халықаралық, облысаралық, тұрақты емес автобус тасымалы, такси және оларды диспетчерлеуді, сондай-ақ депутаттар ұсынысымен автобекет қызметтерін ұйымдастыру функциясын беруді көздейді. Сонымен қатар құжат өзін-өзі реттеуді құру, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, мүшелік жарнаның мөлшері, өзін-өзі реттеу ұйымын тізілімге қосу немесе алып тастау тәртібі, сондай-ақ мүліктік жауаптылық мәселелерін регламенттейді", – деді заң жобасын таныстырған Көлік министрі Марат Қарабаев.

Заң жобасымен көзделген функцияларды өзін-өзі реттеуге беру:
– тасымал процесін бақылауды мемлекеттік деңгейден өзін-өзі реттеудің ішкі ұйымдастырушылық деңгейіне ауыстыра отырып, осы нарықта қызмет көрсетушілердің жұмыс сапасын өз мүшесі ретінде бақылауға мүмкіндік береді;
– кәсіби әлсіз тасымалдаушыларды өздігінен тасымал нарығынан шығаратын адал бәсекелестікке негізделген одақта қызмет атқаруға жағдай жасайды;
– нарықтың негізгі талаптарын ескере отырып уәкілетті орган анықтаған басты бағыттарды дамытуға бейімделген сапалы стандарттар мен қағидаларды жедел қабылдауға мүмкіндік туындатады;
– саладағы бюрократия мен сыбайлас жемқорлық салдарын азайта келе, қоғамдық бақылау тетігін дамытуды қамтамасыз етеді.

Ведомство басшысының сөзінше, дамыған елдерде өзін-өзі реттеу экономиканың барлық саласында кездеседі. 

"Автокөлікпен жолаушылар тасымалы саласында өзін-өзі реттеуді енгізу – қазіргі уақыт талабы, сондай-ақ елімізде жолаушылар тасымалының өркениетті және қауіпсіз нарығын қалыптастыруға өз мүмкіндігін береді деп пайымдаймыз", – деп атап өтті Көлік министрі Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу