Такси қызметінің республикалық одағы құрылады

1007

Такси қызметінің республикалық одағы құрылады

Қазақстандағы таксомоторлық компаниялар мен салалық қауымдастық өкілдері такси қызметінің республикалық одағын құру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Астана қаласы жүргізушілер қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Оның айтуынша, такси қызметінің республикалық одағы әділет министрлігіне тіркеліп, қоғамдық бірлестік ретінде қызмет ететін болады.

"Біз нарықтың сұранысын қанағаттандырудың барлық амалдарын қарастырып жатырмыз. Қалай болғанда да жолаушыларды заңсыз тасымалдап жүрген адамдарға тосқауыл қойылады", – деді төраға.

Медет Құрмановтың айтуынша, жолаушыларды заңсыз таситындарға ірі көлемде айыппұл салынады

Сөз арасында ол баға саясаты туралы да пікір білдірді. "Ресми тасымалдаушылар жолаушылардың қауіпсіздігіне толық жауап береді. Жол апаты тіркелген жағдайда жолаушылар денсаулығына немесе құнды заттарына келтiрiлген зиян үшін өтемақы ала алады. Ал бекітілген тариф негізінде қызмет көрсету ресми тасымалдаушылардың негізгі артықшылығы болып табылады. Астанада ресми такси алғашқы үш шақырым үшін 500 теңге алады. Кейін әр шақырымға 100 теңге қосылып отырады. Әрбір таксиде таксометр орнатылған. Жолақысын сол есептейді", – деді Медет Құрманов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу