Такси мен жеткізу қызметтері енді салық төлейді

587

Ол үшін интернет- платформалық жұмыспен қамтылғандар арнайы тіркеуден өтуге тиіс деп жазады inbusiness.kz.

Такси мен жеткізу қызметтері енді салық төлейді Фото: arnapress.kz

Бұл жөнінді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты. Шенеунік аталған өзгерістерге байланысты Wolt компаниясы өкілдерімен жиналыс өткізген. 

"Салықтық әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды бастау қажет, оның шеңберінде интернет-платформалар операторының орындаушылар үшін салық міндеттемелерін орындауы сынақтан өткізілетін болады", – деп атап өтті вице-министр.

Жақын арада заңнамаға интернет-платформа операторы, тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы өзара қарым-қатынасты нақты реттейтін түзетулер қабылданады деп күтілуде. Жалпы аталмыш өзгерістер интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба аясында жүзеге асып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу