Такси операторлары жүргізушіге әлеуметтік аударым аударып береді

655

Интернет платформалардва жұмыс істейтін таксишілерді әлеуметтік қорғау жағы қолға алынады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп деп жазады inbusiness.kz порталы.

Такси операторлары жүргізушіге әлеуметтік аударым аударып береді

"Біз платформа операторларымен мәселені талқылап жатырмыз. Ресейде қазірдің өзінде пилотты жоба басталған екен. Платформа операторлары сонда жұмыс істей бастады. Бәлкім, Яндекс өзінің такси жүргізушілері үшін әлеуметтік аударымдарды аударып жатқан да шығар. Бұл қаражат, қызметкерлердің бағдарлама операторларына төлеген төлемдері есебінен жүзеге асып отыр", — деді Тамара Дүйсенова сенат кулуарында журналистерге. 

Оның айтуынша, әлеуметтік аударымдар міндетті түрде төленеді.

"Еуропа қазірдің өзінде бастап кетті. Сондықтан біз такси операторларымен кездесіп, бұл туралы сөйлесе бастадық. Ортақ тоқтамға келген кезде сіздерге хабарлаймыз. Жалпы, бұл жұмыс іске асырылады, өйткені әрбір жұмыс істейтін адам бір такси жүргізушісін алайық, ол кез келген уақытта жұмыссыз қалуы мүмкін. Онда оған жәрдемақыны кім төлейді? Жабдық – бұл техника, ол үнемі жолда, адам жазатайым оқиғаға тап болса, мүгедек болып қалады, өйткені оған Әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар төленбейді. Сондықтан біз операторлармен әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылауымыз керек", - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу