Такси жүргізушісі ипотекалық несие алуға көмектесемін деп тұрғынды алдап соққан

344

48 жастағы такси жүргізушісі ұсталды. 

Такси жүргізушісі ипотекалық несие алуға көмектесемін деп тұрғынды алдап соққан Фото: Polisia.kz

Оның қала тұрғынынан 2 миллион теңгеден астам қаржысын алаяқтық жолмен иемденіп алғаны анықталды. Жәбірленушінің айтуынша, ол сапар барысында такси жүргізушісімен сөйлесіп, ипотека алудағы мәселесін айтқан. Әңгімелесе келе жолаушының сеніміне кірген ер адам банктердегі байланысын алға тартып, баспана алуға көмектесуді ұсынған.

Содан бейтаныс жігіттің сөзіне сенген әйел оған көп мөлшерде ақша ұсынғаны белгілі болған. Ұсталған ер адам алаяқтық жасағанын мойындап, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай ақ оның елордада осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу