Такси жүргізушісі жолаушы ұмытып кеткен телефонды қайтару үшін оны 9 күн бойы үйінің алдында күткен

137

Жоғалған затын қайтарған жігіт таңданысын жасыра алмады.  

Такси жүргізушісі жолаушы ұмытып кеткен телефонды қайтару үшін оны 9 күн бойы үйінің алдында күткен Фото: sakhapress.ru

Ресейдің Якутск қаласында такси жүргізушісі жоғалған телефонды иесіне қайтару үшін 9 күн бойы оның подъездінің алдында күткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.

Оқиға туралы Дима Косс есімді жергілікті тұрғын жазған.

"10 күн бұрын телефонымды таксиде ұмытып кеттім. 9 күн өткен соң подъезд алдында сол жүргізушіні көріп, таңғалдым. Жүргізуші осы уақыт аралығында барлық 4 подъезді аралап, көршілерден сұрастырып, телефон галереясындағы суреттерімді көрсетіп, мені іздеген. Бір әжей оған дұрыс подъезді көрсеткен. Кездескенде жүргізуші менен қандай да бір төлем сұрайды деп ойладым. Бірақ, ол телефонды қолыма ұстатып: "Аға, сәлем. Міне, сенің телефоның" деді", – деп жазды желі қолданушысы.

Жүргізушінің Тәжікстаннан келгені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу