Такси жүргізушісімен жанжалдасқан "имам": ҚМДБ оқиғаға қатысты түсінік берді

826

Діни басқарма ер адамның ҚМДБ қызмет жүйесінде жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

Такси жүргізушісімен жанжалдасқан "имам": ҚМДБ оқиғаға қатысты түсінік берді Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы "имам" жолаушы мен такси жүргізушісі арасында болған жанжалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Бұған дейін әлеуметтік желіде такси жүргізушісі мен ер адамның жанжалдасқан видеосы тарады. Талғарда такси жүргізушісі мен ер адам жанжалдасып, ер адам "Аллаһу акбар, аударылып қал!" деп, есікті тарс жапқан және тепкен. Желі қолданушылары осындай ауыр сөзді айтқан адам Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы екенін айтып, танығанын жазған.

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Бахтияр Жақсылықов есімді азаматтың такси жүргізушісімен кикілжіңге келіп, дөрекі әрекет көрсеткені және оның "имам" екені талқылануда. Осы орайда Бахтияр Жақсылықовтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызмет жүйесінде жұмыс істемейтінін ресми түрде мәлімдейміз. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларынан анықталмаған хабарды таратпауын сұраймыз", - делінген ҚМДБ таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу