Таксист шетелдік мейманды 60 мың теңгеге алдамақ болған

439

Астанада Бауырлас елдер форумы өтіп жатыр. 

Таксист шетелдік мейманды 60 мың теңгеге алдамақ болған Фото: Almaty.tvң

Аталмыш шараға келген Steppe Global Education білім беру орталығының басшысы Джоэл Эриксон Алматыда таксидің құрығына түсе жаздағанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Такси жүргізушісі мені алдай жаздады, біраз ақша көргісі келген ғой. Шетелдік екенім көрініп тұр. Алматыға алғаш ұшып келдім, әуежайдан орталыққа дейін жеткізіп салу үшін 60 мың теңге сұрады. Әрине, мен мұндай соманы төлеуден бас тарттым. Бірақ таксистің бұл әрекеті дұрыс болмады", - деді Джоэл Эриксон.

Ол сондай-ақ Қазақстанда таксиге тапсырыс беретін қосымшаларды санын көбейту керектігін алға тартты.

"Атап айтқанда, Қазақстанда "Яндекске" ұқсас басқа отандық қосымшаларды ойлап табу керек. Егер сіздерде мұндай ауқымды отандық қызмет іске қосылса, ақшаның бір бөлігі Ресейге кетпей, осында қалар еді. Ал одан түскен табысты инвестицияда қолдануға болады", - деп кеңес берді шетелдік мейман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу