Таксопарктерде әрбір оныншы көлік мүгедектігі бар адамдарға бейімделген болуы керек

1216

Бұл өзгерістер  "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деген заң жобасында қарастырылған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Таксопарктерде әрбір оныншы көлік мүгедектігі бар адамдарға бейімделген болуы керек Фото: Максим Морозов

"Заң жобасында таксопарктер әрбір 10-таксиге мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген бір таксиді қамтамасыз етуі тиіс деген түзетулер енгізіліп отыр. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес таксопарктер әрбір 30-шы такси көлігіне мүгедектігі бар адамдарға бейімделген бір таксиді қамтамасыз етуі тиіс, яғни аталған норма мүгедектігі бар адамдарға тиімді жағдай жасауға бағытталған", – деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев. 

Оған қоса, тұрақты маршруттар үшін мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға бейімделген автобустарды сатып алу бойынша өзгертулер де енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу