"Тақтар тайталасы" сериалына арналған роман жазушысы ChatGPT нейрондық желісін сотқа берді

310

Олар авторлық құқығы бұзылған әр романға $150 мың сұрайды. 

"Тақтар тайталасы" сериалына арналған роман жазушысы ChatGPT нейрондық желісін сотқа берді Фото: Rnews

Американдық жазушылар тобы, соның ішінде "Мұз бен жалын әні" романдар сериясының авторы Джордж Мартин, "Өлтіру уақыты келді" романының авторы Джон Гришам және "Кінәсіздік презумпциясы" триллерінің авторы Скотт Туроу ChatGPT чатботын жасаған OpenAI компаниясына қарсы сот ісін бастады. Бұл туралы Rolling Stone журналы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Талап арыз Авторлар гильдиясы мен 17 жазушының атынан берілген, олар компанияны өз шығармаларын үлкен тілдік модельге енгізіп, авторлық құқықты бұзды деп айыптайды. Тілдік модель негізінде нейрондық желілер мәтіндермен жұмыс істеуге "үйренеді".

"Авторлардың келісімінсіз нейрондық желілері "оқытылған" ChatGPT және оның артындағы тілдік модельдер енді авторлардың өзіне, олардың шығармашылығына айтарлықтай қауіп төндіреді", — делінген хабарламада.

Енді ChatGPT адамдар жасаған әдебиеттерді ығыстыруы мүмкін төмен сапалы кітаптар жасау үшін қолданылып жатыр. 

Сонымен қатар, сотта айтылғандай, ChatGPT көмегімен пайдаланушылардың бірі "Мұз бен жалын әні" романдарының жалғасын жазған, ол өзінің жасанды интеллектпен бірлескен жұмысын желіде жариялады. 
Ал Джордж Мартин қазір циклден соңғы екі роман жазып жатыр.

Сотта талапкерлер Openair компаниясына авторлардың арнайы рұқсатынсыз шығарманы тілдік модельдерге жүктеуге тыйым салуды талап етеді. Олар сондай-ақ құқықтары бұзылған әрбір роман үшін 150 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу