Талапкер үшін медициналық анықтама ЖОО-ға қабылдау кезінде ғана қажет — БҒМ

1120

Еліміздің Білім және ғылым министрлігі 16 шілдеден бастап мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталғанын мәлім етті. Ол онлайн форматта қабылданады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Талапкер үшін медициналық анықтама ЖОО-ға қабылдау кезінде ғана қажет — БҒМ

Еліміздің көптеген емханаларында талапкерлер медициналық анықтама алу үшін кезекте тұр. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі ресми мәлімдеме жасап, анықтама тек университетке қабылдау кезінде қажет болатынын атап өтті.

"Қазір медициналық анықтама алуға ниет білдірушілер саны артқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына құжат тапсыру кезінде анықтама талап етілмейтінін естеріңізге саламыз. Медициналық анықтама тамыз айында басталатын университетке қабылдау кезінде ғана қажет. Яғни оны алатын уақыт әлі бар. Қазіргідей пандемия кезінде өзіңізді және денсаулығыңызды сақтау маңызды", — делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу