Қызыл судың беті қайтар емес. Бүгін Астана іргесіндегі Талапкер ауылын тағы да еріген қар суы басып қалған. Елдімекен тұрғындарының бірі Райхан Адай арнамызға хабарласып, осындай ақпарды жеткізді. Ел есебіне жүгінсек, ауылда шамамен 50-ге тарта үйді су басқан деседі. Екі күннен бері құтқару қызметі де суды сорғанымен, оның қайтатын беті болмай тұр. Бұл видеоларды сол жақтағы тұрғындар жіберіп жатыр. Ақпарға қарағанда, су басқан үй иелері туыс-туғандарын жағалап кетіпті.
Автор: Құралай Пионер
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу