Желтоқсан айында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қолдауымен екінші Талдау мектебіне іріктеу өткен болатын. Өтініштерді қараған конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша 60 адам іріктеп алынды, деп жазады inbusiness.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Оқыту 2023 жылдың 21 қаңтарында басталады.
Қазақстандық және шетелдік танымал сарапшылар мен тәлімгер үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) дәріс оқиды.
Мектеп мемлекеттік басқарудағы, әлеуметтік және гуманитарлық саланы зерттеудегі, БАҚ-тағы талдау тәсілдерін күшейтуді мақсат етеді.
Талдау мектебінің екінші легіне іріктелініп алынған қатысушылардың қатарында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қоғамды жаңғырту департаменті директорының орынбасары - Оңғаров Талант Шырынбекұлы және жобалық кеңсесінің басшысы - Рахматалиева Айнұр Зинулаевна және ҚР АҚДМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері бар:
- Ақанова Жансая, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" Этносаралық жағдайға мониторинг жүргізу орталығының жетекші менеджері
- Беген Руслан, "Қазақстандыққоғамдық даму институты" бағдарлама жобалары басқармасының жоба менеджері
- Қабыл Сүйіндік, "Қазақстандық қоғамдық даму институты" сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының бас менеджері
- Мұсатаева Фарида, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" Этносаралық қатынастарды талдау департаментінің бас менеджері
- Сағынбаева Аяулым, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының" Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, демограф
- Смайылов Ұлан, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Ақпараттық талдау орталығы" директорының орынбасары
- Тілеубаева Камиля, "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының" сарапшысы
- Төлемісова Жайнагүл, "Медиа Дамыту қоры" бас директорының кеңесшісі