Талдыкөл ауылының каналында балық қырылып жатыр

231

Қазіргі уақытта 80 келідей шабақтың өлексесі жиналған. 

Талдыкөл ауылының каналында балық қырылып жатыр Фото: кazlenta.kz

Махамбет ауданының балық қорғау инспекциясының қызметкерлері балықты құтқару бойынша іс-шаралар жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әкімдіктің хабарлауынша, 21 шілдеде Бейбарыс ауылдық округі Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының каналында балық шабақтарының жаппай қырылуы орын алған.

Алдын ала ақпарат бойынша, су тасқынынан кейін каналдың таяз болуына байланысты оттегінің жетіспеушілігінен болған.

"Осыған байланысты, қазіргі уақытта Талдыкөл ауылының әкімі, аудандық балық қорғау инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен жергілікті тұрғындар мен жастарды тарта отырып, балықты құтқару бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде. Барлығы 30-ға жуық адам жұмыс істеуде. Канал арнасына су жіберу бойынша шаралар қабылданады", – деді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Арман Әділғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу