Талдыкөлдегі балық неден қырылды?

1100

Балықтың қырылуына оттегінің жетіспеушілігі себеп болған.

Талдыкөлдегі балық неден қырылды?

Қазгидрометтің Қызылорда облыстық филиалы Талдыкөл су айдынында балықтардың қырылуына байланысты жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Себебі бұған дейін облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы көлдегі балықтардың жаппай өліп жатқаны туралы хабарлаған болатын.

Су сапасының сараптамасы 30 физикалық, химиялық көрсеткіш бойынша жүргізілді. Мекеме өкілінің айтуынша, балықтың қырылуына оттегінің жетіспеушілігі себеп болған. Зерттеу нәтижесі анықтағандай, сәйкес судағы оттегі концентрациясының көлемі айтарлықтай төмендеп кеткен.

"7 қаңтар күні инспекциядан хабарлама хат келді, біз арнайы бекітілген комиссия құрамына кіреміз. Біздің қызметкерлеріміз барып сол жерден анализ жасалды. Бұл жерде балықтардың қырылу себептері кислород жетіспеуінен болды, басқа көрсеткіштері жоқ. Квартал сайын біздің лабораториямыз жоспарлы түрде Жаңақорған, Арал аралығын аралап, анализдер жасап тұрады. Кешегі Талдыкөлге барғанымыз біздің жоспарда жоқ болатын, дегенмен тексерістер жүргізіп, мәселенің мән-жайын анықтап, кқмиссия өкілдеріне көмегімізді көрсеттік, - дейді "Қазгидромет" РМК облыс бойынша филиалының директоры Жұлдыз Қалымбетова.

Тағы бір дерек, Қазгидрометтің өткен жылы жүргізген зерттеулеріне сәйкес қала мен облыс атмосферасының ластану деңгейі төмен көрсеткішке ие болыпты. Биыл енді Арал, Әйтеке би, Шиелі аудандарында ауаның тазалығын анықтайтын шағын автоматтар орнатылмақ.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу