Талдыкөлдің жағасында саябақ салынады

1322

Талдыкөлдің жағасында саябақ салынады

Астананың бас жоспарына Талдыкөлдегі көлдер жүйесінің шекарасына қалалық табиғи саябақ салу тұжырымдамасын енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына сілтеме жасап.

"Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қоршаған ортаны сауықтыру бойынша кешенді шаралары шеңберінде биыл екі шара өткізу жоспарланып отыр. Біріншісі – Астана қаласының дамытудың бас жоспарына Талдыкөл көлдер жүйесінің шекарасында қалалық табиғи саябақтың тұжырымдамасын енгізу. Екіншісі – Талдыкөл көлдер жүйесінің (Үлкен және кіші Талдыкөл) шекарасында сулы-батпақты қалалық табиғи саябақ салу бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу", - деді басқармада.

Айта кетейік, өткен жылы Талдыкөл көлінде жинақталған жағымсыз иісті жою жөніндегі жұмыстар аяқталды. 
Сондай-ақ 2017 жылы "Астана орманы" ЖШС-мен Талдыкөл аумағында орман жасақтайтын ағаштарды отырғызу жұмысы жүргізілді. 
2-кәріздік-тазарту стансасын жобалау кезінде жағымсыз иісті жою үшін кәріздік қалдықтардан тазартудың тиімді технологиялары пайдаланылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу