Талдықорған халқы табиғи газға тосырқап қарайды

1531

Талдықорған қаласын газдандыру жұмысына жалпы 22,7 млрд теңге қаржы бөлінген.  

Талдықорған халқы табиғи газға тосырқап қарайды

Алматы облысының орталығында 720 көпқабатты үй бар. Соның 480-і сұйытылған газға қосылған. Бұл шашамен 18 мың пәтер деген сөз. Сұйытылған газдың қымбаттығы тұрғындардың қалтасына салмақ салуда. Сондықтан 1200 пәтер табиғи газға ауысқан. Бұған дейін аталмыш пәтер иелері газ үшін айына 3000 теңге төлеп келсе, бұдан былай 500 теңге ғана шығандалады. 

"Талдықорғандағы аурухана, мектеп, кітапхана, балабақша сияқты әлеуметтік нысандар табиғи газға қосылмай отыр. Халықты қосымша ақпараттандыруға Талдықорған қаласының әкімдігі тарапынан  нақты қолдау көрмедік. Құбырмен жыл бойы газ жүрмесе, біртіндеп тозып, қосымша дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Кейінгі кезде газбен қамту үшін тартылған инженерлік бұйымдмей қалуы мүмкін", – дейді "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жетісу өндірістік филиалының Жайық Алишев.

Қажет Андас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу