Талдықорған қаласына жаңа басшы тағайындалды

1154

Бұған дейін қаланы басқарған Дастан Шалтабаев жаңа қызметке ауысты.

Талдықорған қаласына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облсының әкімі Амандық Баталов бүгін Талдықорған қаласы активіне шаһардың жаңа басшысы Ғалымжан Әбдірайымовты таныстырды, деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.

"Дастан Шалтабаев жаңа қызметке ауысты. Жалпы, ол жақсы жұмыс істеді. Әсіресе, құрылыс пен коммуналдық шаруашылық саласындағы оң өзгерістер қуантады. Ал, жаңа әкім инвесторлармен, халықпен жұмысты жолға қою керек. Газдандыруды жандандыру қажет. Қоғамдық көлік мәселесін шешуіміз қажет" – деп атап өтті Амандық Баталов.

Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туған, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы, 2003 жылы Тұран университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы "Шығыс" колхозында құрылыс учаскесінің мастері болып бастаған.

1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, "Алрай" шаруа қожалығының төрағасы, "Альтаир" ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры;

1998-2002 жылдары Алматы қалалық орталық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры;

2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары;

2003-2009 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы;

2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы;

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары;

2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы;

2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары;

2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

2018 жылдың 28-сәуірінен бүгінге дейін Тараз қаласының әкімі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу