Талдықорған қаласында көлігін дұрыс қоймаған жүргізушілерге айыппұл салынды

609

Талдықорғанда 6 мыңға жуық жүргізуші көлігін дұрыс қоймағаны үшін 91 млн теңгеден аса айыппұл арқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Талдықорған қаласында көлігін дұрыс қоймаған жүргізушілерге айыппұл салынды Фото: egemen.kz

Талдықорған полициясының қызметкерлері автокөліктерді тұраққа қою ережелерін бұзатындарды анықтау бойынша іс-қимылды жандандырды.

"Көлік құралдарын жол бойында қалдыратын және тоқтау мен тұрақтауға тыйым салынған басқа да жерлерге қоятын жүргізушілер жол қозғалысын едәуір қиындатады. Бұл мәселе әлеуметтік желілерде де қайта-қайта көтеріліп жүр. Қала тұрғындары бұл мәселені түбегейлі шешуді талап етеді. Бұл жүргізушілердің көпшілігі біздің қаламызда тұрады", - деді патрульдік полиция ротасының командирі Руслан Пірімжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу